ҚАЗАҚ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ
БІЗ ОСЫЛАРДЫ ӘЛІ ДЕ БОЛСА ЛАЙЫҚТЫ БАҒАЛАМАЙ ОТЫРҒАН ҚАЗАҚ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ
Музыкалық талғам – неғайбыл нәрсе. Ешкім де Сізді «Руки вверх» тобын тыңдайтыныңыз үшін жазғыра немесе кеңес заманының әскери әндерін шексіз қадірлейтіндігіңіз үшін шал деп атай алмайды. Бірақ, неліктен біздің отандастарымыз үйлену тойларында қазақ хиттерінің әуеніне ғанибеттене билеп алып, ал машинада болса оларды ешқашан қоспайды екен? Өзімізге қазақ әндерінің арасында өз тыңдармандарына лайықты болып отырғандары бар екендігін мойындаудың кезі келді. Әрі бүгін біздің шақырылған авторымыз Жанна Асанова осыларды біз әлі де болса лайықты бағалай қоймаған орындаушылардың тізімін бөлісіп отыр.
Қоңыр тобы.
Абыройлы, тұрақты, салмақты. Бай қоңыр колорит, жасанды емес стиль, нәзік талғам және таң қаларлықтай мінсіз іріктеп алынған репертуар, сондай-ақ құпиялылықтың әлдебір нышаны – бұл жастарды қалғандардан осылар ерекше етіп отыр.
Гаухар Әлімбекова
Оның әр әні – бұл тұңғиық тереңдік, өзіміздің өміріміздегі осылар жайында біз кей кездері ойланбай да жататын көптеген нәрсенің көрінісі. Гитарадағы нәзік те сезімді әуендер, халық дәстүрлерімен дәнекерленген қазіргі заманғы мақамдар, өзіміздің қаланың қарбалас ырғағында бұлар жайында біраз ұмыта бастаған эмоцияларымыз бен сезімдерімізді құдды оятқандай болады.
Оларды тыңдай отырып, әр өлеңде Гаухармен бірге өміріміздің бір үзігін қайта-қайта бастан кеше отырып, әнде балқып кеткендей боласың.
Заттыбек Көпбосынұлы
Ол туралы әдетте аз сөз болады. Шындығына келгенде, мүлдем сөз болмайды. Көптеген адамдар тіптен оның бет-әлпеті қандай екенін де білмейді.
Бірақ, оның әндері баршаға белгілі. Той болсын, көршісінің машинасы болсын, Заттыбектің әндерін естімеген бір де бір қазақ отбасы жоқ.
Барлық дәстүрлі тойлар мен мерекелік рәсімдер, әдетте, Заттыбек әндерінің жалынды сарындарының сүйемелдеуімен өткізіледі.
Ал үзіліс жасаудың сәті келіп, жастардың толғандырар баяу билерімен араласа отырып, ересек буындағы меймандардың желікпе билері басталып та кеткенде, мұның барлығы негізінен алғанда Заттыбектің орындауындағы әндердің сүйемелдеуімен болып жатады.
Заттыбек – бұл қазақ мәдениетінің жанды ою, әшекейі, оның әндері – бұл қарапайым адамдардың өмірінің аясы. Әрі ол жаппай сүйіспеншілікке бөленіп отыр. Бәлкім, ол қарапайым әрі күрделі емес болғандықтан осылай шығар. Ол өзіміздің қандасымыз, өзіміздің адамымыз.
Ақылбек Жеменей
«Қызыл өрік», «Сары Алма», осымен болған секілді))). Бірақ, бұл сондай керемет өлеңдер! Көңілді «Қызыл өрік» әні нені бастан кешпеді десеңізші. Бұл ән үйлену тойларында енді ғана ойнала бастағанда, оны өздерінің құрметтеп-қастерлейтін өлеңі етіп, қазақтың Қызылбөрік руының өкілдері (Ұлы жүздің өкілдері) пысықтықпен иеленіп алған еді. Одан кейін сонда да сөз Қызыл өрік туралы болып отырғандығы анықталды, бұған Қызылбөріктер біршама ренжіп, ұзақ уақыт қасарысып бақты, өйткені ол кезге қарай әннің осы ежелгі рудың ақсақалдарының тапсырысы бойынша жазылғандығы жайында көптеген әртүрлі аңыздар қалыптасып қалған еді)).
Ал егер әзіл-қалжыңсыз айтар болсақ – Отанымыздың кез келген түкпірінде мәңгілікке қалған және өзінің жарқын жайма-шуақтығымен қуантуын жалғастырып отырған көңілді «Қызыл өрік» әні – бұл Ақылбек Жеменейдің нақ өзі.
Әрі Rodina Band тобының тамаша орындауында.
Саят Медеуов
Қарапайым да салмақты, оның мәнерлі халық тембрлері бар әуенді дауысы көптеген қазақстандықтардың сүйіспеншілігін жаулап алды.
Ол қыз баланың қылдай үлесі туралы көңілді мұңайтатын әнін салып, қыз балалардың ата-аналарының жүректерін жылап-сықтауға мәжбүрлейді. Оның Отан туралы сазды әндері туған өлкеден жырақта жүргендердің бойында мұң тудырады.
Оның домбырасының Көкшолақты екпіндете ойнайтындығы соншалықты, билей жөнелгің келеді.
Ол шын мәнінде халықтың сүйіктісі, оған пиар қажет емес, оны мұнсыз да Қазақстанның барлық өңірінде жұрт емірене тыңдайды.
The Magic of Nomads.
Өзімнің сүйікті The Magic of Nomads тобым туралы да бір-екі ауыз сөз айтпай қалмаймын.
Сірә, осы ұжымның танымалдығының шарықтау шегін өткізіп алып, өзімнің жақсы досым әрі тәлімгерім Ерлан Стамбековтен сыйлық -«Бұлбұл Заман» дискін алғанға дейін, олардың шығармашылығы жайында мақұрым болған секілдімін.
Әрі сол кезден бастап мен осы бір керемет дарынды адамдардың сенімді табынушысы болып алдым, диск менің сүйікті дискіме айналды, әсіресе оны адамсыз, жым-жырт жатқан трассада келе жатқанда тыңдаған ерекше бір ғанибет – бұл сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім!
Топ осылардың әрқайсысы – жарқын тұлға болып отырған белгілі қазақстандық орындаушылардан тұрады, олар: Ғазиза Ғабдрахимова, Ренат Ғайсин, Виктор Хоменков, Еділ Хұсаинов, Ермек Дияров, Сәлімгерей Садықов. Осы құрамында The Magic of Nomads тобына Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Франкфурт, Ганновер, Мюнхен шаһарларының ең керемет залдары қол шапалақтады. Ұлттық мәдениет тарихында тұңғыш рет Қазақстаннан шыққан музыка ұжымы Лондондағы әлемнің озық студияларының бірі Abbey Road студиясында (дәл сол бүкіл дүниежүзіне танымал атақты The Beatles тобы өлеңдерін жазған студия) «Бұлбұл Заман» альбомын жазды.
Шебер ұжым, әрі құлақ құрышын қандырар музыка да секілді, бірақ бұл топ туралы соңғы кездері көп айтыла бермейді, шынайы музыканы қастерлеушілер топтарында ғана сөз етіледі, ал жастардың топ туралы еш түсінікке ие емес екендігін айтпасақ та болады.
Ал, осы топтың орындауындағы аспаптық музыка көптеген қазақстандық хабарлардың фоны болып табылады ғой, мәселен, музыкалық Gakku арнасы осы аттас композицияның үзіндісін жиі қойып отырады.
Ал ең өнеге алып, естен кетпейтін нәрсе – The Magic of Nomads тобының сайтында қазақтың ұлттық музыка аспаптарының барлық түрлерімен танысуға, сондай-ақ бұл аспаптарға өзің қолыңды тигізгендей, әрі әр аспаптың жеке-жеке жанды естілуін тыңдауға болады.
Байқап көріңізші!
Сайт – The Magic Of Nomads
ИСТОЧНИК: PandaLand