Сұрақтар және жауаптар

 

СҰРАҚ:

Көпшілік алдында орындау дегеніміз не?

ЖАУАБЫ:

Туындыны декламация, ойын, би арқылы немесе қандай да бір өзге жолмен, оның ішінде техникалық құралдардың көмегімен, отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар қатысатын немесе қатыса алатын жерлерде орындау.


СҰРАҚ:

Фонограмма шығарушыға қандай құқықтар тиесілі?

ЖАУАБЫ:

Заңның 38-бабына сәйкес Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнiнде фонограмманы пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, фонограмманы кез-келген нысанда пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.


СҰРАҚ:

Орындаушыға қандай құқықтар тиесілі?

ЖАУАБЫ:

Заңның 37-бабына сәйкес орындаушыға орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қосқанда, кез-келген түрде орындаушылықты немесе қойылымды пайдалану құқығы берiледi.


СҰРАҚ:

Кабельдік теледидар қызметтерін ұсыну шартымен авторлық және сабақтас құқықтарға сыйақы төлеу бойынша өзара қарым-қатынастар реттеледі ме?

ЖАУАБЫ:

Абонент пен компания арасында жасалған кабельдік теледидар қызметтерін ұсынуға арналған шарт абонентке кабельдік теледидар қызметтерін ұсыну тәртібін реттейді және авторлық және сабақтас құқықтар иелеріне сыйақы төлеу бойынша өзара қарым-қатынастарға қолданылмайды. / Алма ТВ/