ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА

Құрметті пайдаланушылар!

Егер сіздің мейрамханаңызда, дискотекада, шипажайда, қонақ үйде, сауда және/немесе ойын-сауық орталығында музыка ойнап тұрса, онда бұл бөлім Сіз үшін. Және Сіз басқа емес,

Пайдаланушысыз.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес сабақтас құқық иелеріне міндетті сыйақы төлеу коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды мынадай жағдайларда пайдалану үшін белгіленген:

  1. Фонограммаларды көпшілік алдында орындау;
  2. Фонограмманы радио және теледидар арқылы эфирге беру;
  3. Фонограмманы кабель, сым, оптикалық талшық немесе басқа да ұқсас құралдардың көмегімен жалпы жұрттың назарына жеткізу.

Осылайша, қолданыстағы заңнамамен сыйақы төлеуге міндетті Пайдаланушыларды келесі санаттарға бөлуге болады:

  1. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, мейрамханалар, клубтар, мәдени-ойын-сауық орталықтары (кешендері), сондай-ақ бос уақытты өткізу ұйымдары, жолаушылар көлігінің кәсіпорындары мен құралдары, шипажайлар, демалыс үйлері мен пансионаттар, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, қонақ үйлер, саябақтар, бақтар және көпшілік алдында орындау жүзеге асырылатын өзге де қоғамдық орындар;
  2. Фонограммаларды эфирге беруді жүзеге асыратын телерадио хабарларын тарату компаниялары.
  3. Жалпы жұрттың назарына кабель, сым және оптикалық талшық көмегімен фонограммаларды хабарлауды жүзеге асыратын кәбілдік хабар тарату ұйымдары.

«Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмма жасаушыларға және орындаушыларға арналған көпшілік алдында орындау, эфирге және кабель арқылы хабарлау үшін сыйақының ең төменгі ставкалары туралы ережемен» Сіз осы жерде таныса аласыз.

Сыйақы төлеу туралы шартты жасау үшін Сіз «Қазақ әуендерін орындаушылар» РҚБ-ның орталық кеңсесіне немесе біздің өкілдіктерге хабарласа аласыз.