ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕНУШІЛЕРГЕ

Құрметті орындаушылар мен фонограмма жасаушылар!

Сіз фонограммаларды орындаушысыз ба әлде оларды жазасыз ба? Демек, сіз осы фонограммаларға сабақтас құқықтардың иесі – Құқық иеленуші болып табыласыз.

Авторлық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 39-бабына сәйкес кез келген пайдаланушы фонограмма жасаушының және орындаушының келісімінсіз, сыйақы төлей отырып:

  • фонограмманы көпшiлiк алдында орындауға;     
  • фонограмманы эфирге беруге;     
  • фонограмманы кабель арқылы жалпы жұртшылық назарына жеткiзе алады.

Алайда фонограммаларды коммерциялық мақсатта пайдаланған кезде Пайдаланушы төлем жүргізуге міндетті, ал Құқық иеленушінің сыйақы алуға құқығы бар.

2010 жылдың 16 сәуірінен бастап «Қазақ әуендерінің орындаушылары» РҚБ осы фонограммаларды пайдаланушылардан, яғни радиостанциялардан, мейрамханалардан, би клубтарынан, сауда орталықтарынан және басқа да пайдаланушылардан фонограммаларды орындаушы-әртістердің пайдасына сыйақы жинауды жүзеге асыратын аккредиттелген ұйым болып табылады.

Егер сіз өз мүдделеріңізді білдіру мен қорғауға және Сіздің фонограммаларыңызды немесе орындауларыңызды бүкіл Қазақстан аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде пайдаланудан сыйақы алуға мүдделі болсаңыз, біз Сіздерді шарт жасау үшін «Қазақ әуендерінің орындаушылары» РҚБ кеңсесіне шақырамыз.

Назар аударыңыз!

Құрметті Құқық иеленушілер, әртіс-орындаушылардың және фонограмма жасаушылардың пайдасына сыйақы жинауды жүзеге асыратын аккредиттелген ұйыммен шарт жасасып қана заңды сыйақы ала алатыныңызды ұмытпаңыз.