БІЗ ІЗДЕЙМІЗ

Орындаушылар, үн қатыңдар!

Хабарландыру

Осы хатпен «Қазақ әуендерінің орындаушылары» Республикалық қоғамдық бірлестігі пайдаланушылардан жиналған сыйақыларды бөлу қорытындысы бойынша көптеген орындаушыларға сыйақы жиналғанын хабарлайды.

Егер Сіз жарияланған орындаулардың орындаушысы болсаңыз, онда Қоғамның бухгалтерия бөлімінен сіз үшін жиналған сыйақы көлемі туралы біле аласыз.

Жиналған соманы қолма-қол ақшамен алу үшін «ҚӘО» РҚБ бухгалтериясына келулеріңізді сұраймыз.

Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы керек.

Көрсетілген соманы есеп айырысу шотына банктік аудару арқылы алу үшін Сізге 20 белгіден тұратын банк шотыңыздың нөмірін көрсете отырып, қоғамның бухгалтериясына хат жолдау қажет.

Қоғамның бухгалтерия бөлімі:

Қазақстан Республикасы,
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,
Қайтпас ықшамауданы, Амангелді к-сі, 22 үй.

Факс / телефон: 8-7252-49-31-81,
E-mail: oo_ikp@mail.ru

Пошталық хат-хабарлар үшін:

160024, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,
Қайтпас ықшамауданы, Амангелді к-сі, 22 үй.

Төменде Орындаушының банктік деректемелерінің болмауына байланысты Қоғам шотында жиналған сыйақысы бар азаматтардың тізімі келтірілген.

ОРЫНДАУШЫЛАР ТІЗІМІН ҚАРАУ »

Scroll Up