«Қазақ әуендерінің орындаушылары» Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі-Қоғам) туындылар авторларының, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың, өзге де авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің, сонымен бірге олардың құқықтық мұрагерлерінің (әрі қарай- Құқық иеленушілер) мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау үшін құрылған.
Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына, зияткерлік меншік саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге және Жарғыға сәйкес ерікті және тең құқылы мүшелік, демократиялық өзін-өзі басқару және жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
Қоғам қызметінің мәні Құқық иеленушілердің мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде олардың авторлық және сабақтас құқықтарын жүзеге асыру және қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғам республикалық мәртебеге ие және өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратады. Қоғам халықаралық қоғамдық бірлестіктерге кіре алады, тікелей халықаралық қарым-қатынастар мен байланыстарды қолдай алады, тиісті келісімдер жасай алады.
Толық атауы: — мемлекеттік тілде: «Қазақ әуендерінің орындаушылары» Республикалық қоғамдық бірлестігі; — орыс тілінде: Республиканское общественное объединение «Исполнители казахских песен».
Қысқартылған атауы:
— мемлекеттік тілде: «ҚӘО» РҚБ
— орыс тілінде: РОО «ИКП»
Қоғамның орналасқан жері:
Индекс 160024, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Қайтпас шағын ауданы, Амангелді көшесі, 22 үй.
Қоғамның ұйымдық құрылымын Қазақстанда аумақтық белгісі бойынша құрылатын филиалдар мен өкілдіктер құрайды.
Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайды және Қоғамның Жарғысы, Филиалдар мен өкілдіктер туралы ереже негізінде әрекет етеді.